ИДЕЯЛАР, ІЗДЕНІСТЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕР
Зерттеулер мен жобалар
Жобаларды қарау
Нәтижелер мен тәжірибе
Нәтижелер мен тәжірибені қарау
12 сәуір 2023 жыл
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мектептегі AR/VR қолдану бойынша семинар-практикум

12 сәуірде Астана қ. Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясында Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-мен бірлескен «Білім берудегі VR мен AR мүмкіндіктері» тақырыбындағы семинар-практикумы өтті.
Семинар ғылым апталығы аясында пән мұғалімдері, цифрландыру жөніндегі директордың орынбасарлары, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларының қатысуымен өткізілді.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясын Білім беруді цифрландыру зертханасының қызметкерлері, 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылатын AP14870741 «Виртуалды шынайылықтың оқу ортасындағы бірлестіре оқытудың білім алушылардың білім нәтижелеріне әсері» тақырыбындағы ғылыми жобаны орындаушылар таныстырды.
Семинар барысында қатысушылар ClassVR кейс-гарнитурасының оқыту мүмкіндіктерімен, zSpace инновациялық оқыту платформасымен, сондай-ақ Oculus Quest 2 дербес виртуалды шынайылық гарнитурасымен танысты.
ClassVR порталының әкімшілік басқаруы және қазақ тіліндегі контентты сипаттау, физика, химия, биология, тарих және мәдениет бойынша VR, AR контенттерін пайдалану бойынша практикалық жұмыстар семинар-практикумға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
https://abai87mg.edu.kz/kz/bilim-berudegi-vr-men-ar-mumkinshilikteri-1331335
1 қазан 2023 жыл
ЖАҢАЛЫҚТАР
AP14870741 жобасының нәтижелері халықаралық конференцияда таныстырылды

Ағымдағы жылдың 21–23 қыркүйегі аралығында Вроцлав экономика және бизнес университетінде алдыңғы қатарлы компьютерлік және ақпараттық технологиялар бойынша 13-ші халықаралық конференция өтті. Конференция IEEE Poland Section / System, Man, and Cybernetics Society SMC-28 Польша секциясының қолдауымен ұйымдастырылды. Конференцияның негізгі бағыты мынадай мәселелерге арналды:
1. Есептеу интеллектісі және математикалық модельдеу
2. Экономика және менеджмент саласындағы ақпарат
3. Ақпараттық қауіпсіздік
4. Мамандандырылған ақпараттық-компьютерлік жүйелер
5. Жасанды интеллект және когнитивтік жүйелер
6. Білім берудегі ақпараттық технологиялар
Конференция жұмысына 54 елден зерттеушілер қатысты, ұсынылған 255 өтінімнің ішінен 139 баяндама қабылданды. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы AP14870741 «Виртуалды шындықтағы оқу ортасында бірлескен оқытудың мектеп оқушыларының білім беру нәтижелеріне әсері» гранттық жобасы аясында дайындалған екі баяндамамен ұсынылды: «Development of Virtual and Augmented Reality Applications with Realization Project-based Learning (Zukhra Kalkabayeva, Manargul Mukasheva, Aizhan Zhanasbayeva)» және «Teachers' Perspectives on the use of Virtual Reality in Collaborative Learning (Manargul Mukasheva, Zukhra Kalkabayeva, Aizhan Zhanasbayeva)».
Іс-шара қорытындысы бойынша конференцияның ғылыми еңбектер жинағы жарияланды. Ол IEEE Xplore цифрлық кітапханасына орналастырылып, Scopus, Web of Science, DBLP, Google Scholar және басқа да халықаралық ақпараттық ресурстарда индекстеледі.
23 қыркүйек 2024 жыл
ЖАҢАЛЫҚТАР

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Иммерсивті оқыту: VR & AR» семинарын өткізді


AP14870741 «Виртуалды шынайылықтағы оқу ортасында бірлескен оқытудың мектеп оқушыларының білім беру нәтижелеріне әсері» ғылыми жобасы аясында (2022–2024 жж.) Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Иммерсивті оқыту: VR & AR» атты оқыту семинарын өткізді. Семинар педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізуге бағытталды.

Қазіргі білім беру технологиялары оқыту процесінің маңызды элементіне айналып отыр, ал виртуалды шынайылық (VR) пен толықтырылған шынайылық (AR) осы үдерісте жетекші орындардың бірін алады. Семинар оқу қызметінде иммерсивті технологияларды қолданудың өзекті мәселелерін және олардың оқушылардың білім беру нәтижелеріне ықпалын талқылауға арналған алаң болды.

Іс-шараның негізгі баяндамаларының бірі «Білім берудегі иммерсивті оқытудың жаңа үрдістері» тақырыбына арналды. Баяндаманы жоба жетекшісі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының профессоры Манаргүл Өмірзаққызы Мұқашева ұсынды. Өз баяндамасында профессор Мұқашева білім беру ұйымдарында VR және AR технологияларын қолданудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ олардың оқыту сапасын арттырудағы және оқушылардың ақпаратты қабылдау процесін белсендірудегі әлеуетін қарастырды.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры Сауле Мұсаевна Сарсимбаева мен Ақтөбе қаласындағы №53 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Венера Қожахметқызы Өтегенованың баяндамасы «Орта мектепте коллаборативті оқыту үшін виртуалды және толықтырылған шынайылық қосымшаларын пайдалану» тақырыбына арналды. Олар иммерсивті технологияларды қолдану арқылы интерактивті және коллаборативті оқыту әдістерін енгізудің маңызын атап өтті. Мұндай тәсіл оқушылардың белсенді өзара әрекеттесуіне және олардың білім беру нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді.

Украина Ұлттық педагогикалық ғылымдар академиясының Білім беруді цифрландыру институтының өкілі, PhD Наталия Володимирівна Сороко «AR-платформаларды пайдалана отырып білім беру ресурстарын жасау» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада AR-технологиялар негізінде білім беру материалдарын әзірлеу, оларды мектеп бағдарламаларына интеграциялау және оқу процесін дербестендіру мүмкіндіктері бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Семинардың тағы бір маңызды бағыты иммерсивті технологиялардың оқушылар денсаулығына әсерін талқылауға арналды. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Кәсіби бағдарлау және адами капиталды дамыту орталығы директорының міндетін атқарушы Қуандық Момынғазыұлы Тайболатов пен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Айсара Айбекқызы Омирзакова «Виртуалды шынайылықтың мектеп оқушыларының денсаулығына әсері» тақырыбындағы зерттеу нәтижелерін ұсынды. Баяндамада VR технологиясын оқу процесіне енгізу оқушылардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау жөніндегі ұсынымдарды сақтауды ескере отырып, мұқият әрі жауапты тәсілді қажет ететіні атап өтілді.
Семинардың практикалық бөлімі шеберлік сабақтары түрінде ұйымдастырылды. Онда педагогтер оқу практикасында VR және AR технологияларын қолдану мүмкіндіктерімен танысты. Көрсетілген платформалар мен шешімдердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:
Meta Quest — виртуалды шынайылықта интерактивті білім беру орталарын құруға мүмкіндік беретін инновациялық платформа.
ClassVR — білім беру ұйымдары үшін арнайы әзірленген, педагогтер мен оқушыларға күнделікті оқыту процесінде VR технологиясын қолдануға мүмкіндік беретін шешім.
Семинар VR және AR технологияларын білім беруде қолдану перспективаларын, сондай-ақ оларды мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарына тиімді енгізу жолдарын талқылаумен аяқталды.

https://www.instagram.com/reel/DABTBP2NNN5/?igsh=eHM2cWN4cTA0dzFo 
https://www.facebook.com/reel/487890174110001?locale=ru_RU
1 маусым 2026 жыл
ЖАҢАЛЫҚТАР

Иммерсивті виртуалды шынайылық жағдайындағы қашықтан оқыту


2026 жылғы 19–21 мамыр аралығында 8-сынып оқушыларының қатысуымен қашықтан оқытуда иммерсивті VR ортаны пайдалану бойынша алдын ала эксперимент жүргізілді. Экспериментке 13–14 жастағы оқушылар қатысты: эксперименттік топ — симметриялық VR ортасы, 25 оқушы; бақылау тобы — Zoom платформасы, 26 оқушы.
Экспериментке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері — 2 мұғалім, мектеп әкімшілігі — директор, цифрландыру және ғылым жөніндегі директордың орынбасары, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, сондай-ақ сарапшы-мұғалімдер қатысты.
Zoom платформасында және иммерсивті VR ортада сабақтар өткізілгеннен кейін оқушылар алдын ала дайындалған сауалнамаларға жауап беріп, оқу тапсырмаларын орындады.
18 маусым 2026 жыл
ЖАҢАЛЫҚТАР

Қашықтан оқытуда Spatial AI, GenAI және VR технологияларын қолдану нәтижелері халықаралық деңгейде таныстырылды


2026 жылғы 12–15 маусым аралығында Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында қашықтан білім беру және оқыту мәселелеріне арналған XI Халықаралық конференция — The 11th International Conference on Distance Education and Learning (ICDEL 2026) өтті.

Конференция жұмысына Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2025–2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылып жатқан AP26198921 «3D кеңістіктік жасанды интеллект және VR технологияларын пайдалану негізінде қашықтан оқытуды жобалау мен іске асыру әдіснамасы» ғылыми жобасы шеңберінде қатысты.

Конференция барысында ғылыми жобаның аралық нәтижелерін қамтитын «Using Immersive Virtual Reality for Collaborative Distance Learning» және «Teachers' Readiness to Use Virtual and Augmented Reality in Education» атты екі ғылыми баяндама ұсынылды. Сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша «Using Immersive Virtual Reality for Collaborative Distance Learning» баяндамасы *«Best Presentation Award» («Секцияның үздік баяндамасы»)* марапатына ие болды.

Конференция қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар IEEE баспасынан шығатын ICDEL 2026 конференциясының еңбектер жинағында жарияланады. Аталған жинақ IEEE Xplore деректер базасына енгізіліп, *Scopus* және *Ei Compendex* халықаралық ғылыми-метрикалық деректер базаларында индекстеледі.
Байланыс:
01000
Қазақстан Республикасы
Астана қ.
Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 1703 каб.
Тел: 8 (7172) 725-973
e-mail: info@uba.edu.kz , nae.course@gmail.com (Research Laboratory)

Сайттағы барлық материалдар демонстрациялық мақсатта пайдаланылды және олар материалдардың иелеріне тиесілі. Бұл материалдарды коммерциялық мақсаттар үшін пайдаланбауды өтінеміз.